Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» австриялық клубтан айласын асырды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 02:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы тур ойындары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жанкүйерлер Е тобындағы Англияның «Ливерпуль» командасының сырт алаңдағы Австрияның «Зальцбург» клубымен кездесуіне көз тіккені анық. Ағылшындық клуб бүгін жеңіліске ұшыраған жағдайда жарыстың келесі сатысына шыға алмауы мүмкін болатын. «Зальцбург» үш ұпайды қалтаға басса, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алуға қол жеткізетін.

Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өрбіді. Ойынның бірінші кеезңіндегі қос команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де бірінші кезеңде екеуі де ол мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды.

Есесіне келесі кезеңде «Ливерпуль» небәрі бір ғана минут ішінде екі гол соғып кетті. Алдымен 57-минутта командалас әріптесі Садио Манеден пас алған Наби Кейта ағылшындық клубты алға шығарды. Ал одан кейін «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах 58-минутта есепті үстемелей түсті. Кездесуде «Ливерпуль» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Аталмыш топта Италияның «Наполи» клубы өз алаңында Бельгияның «Генк» командасын 4:0 есебімен тас-талқан етті. Кездесу барысында италиялық клуб сапынан Аркадиуш Милик 3, 26, 38-минуттарда жет-трик жасаса, Доис Мертенс 74-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Бұл топта 13 ұпаймен «Ливерпуль» бірінші орын алса, 12 ұпаймен «Наполи» екінші орынға тұрақтады. Аталмыш командалар жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Ал үшінші орынды қанғат тұтқан «Зальцбург» енді Еуропа лигасының 1/8 финалында бақсынауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, бүгін F, G, H топтарындағы қкомандалар соңғы тур ойындарын өткізеді. Олардың қатарында F тобындағы Италияның «Интер» және Испанияның «Барселона», H тобында Англияның «Челси» және Францияның «Лилль» командаларының кездесуі бар.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай