Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» алғашқы ұпайына қол жеткізді

2020 жылдың 28 қазан 2020 07:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турындағы сегіз кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А тобында Германияның «Бавариясы» Ресей астанасы - Мәскеуде жергілікті «Локомотивті» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Испанияның «Атлетико Мадриді» өз алаңында Австрияның «Ред Булл Зальцбургын» 3:2 есебімен жеңді. А тобында алты ұпаймен «Бавария» көш бастап тұр.

Испанияның «Реал Мадрид» клубы Германияда Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» 2:2 есебімен тең ойнады. Осылайша олар екі ойында алғашқы ұпайына әрең қол жеткізді. В тобындағы тағы бір кездесуде Украинаның «Шахтер» және Италияның «Интер» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Бірінші орында 4 ұпаймен «Шахтер» тұр.

С тобында Англияның «Манчестер Сити» командасы екінші турда сырт алаңда Францияның «Олимпик Марселінен» 3:0 есебімен басым түсті. Осы топта Португалияның «Портуы» «Олимпиакосын» 2:0 есебімен жеңді. Көш басында алты ұпаймен «Манчестер Сити» келеді.

D тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Ливерпулі» бұл жолы да жеңіске жетті. Ағылшындық клуб бұл жолы өз алаңында Данияның «Мидтьюлланнын» 2:0 есебімен ұтты. Аталған топтағы Италияның «Аталанта» және Голландияның «Аякс» командалары 2:2 есебімен тең ойнады. Екі турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған «Ливерпуль» кқш бастап келеді.

Чемпиондар лигасы бүгін жалғасады. Бұл жолы E, F, G, H топтарындағы командалар ойнайды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай