Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

«Чернобыль» үздік шағын сериал атанып, «Эмми» сыйлығын жеңіп алды

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 10:26

ЛОС-АНЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – Өткен жексенбіде Лос Анжелестегі Microsoft театрында 71-ші «Эмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. «Үздік шағын сериал» аталымында «Чернобыль» туындысы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hollywood Reporter сілтеме жасап.

Сонымен бірге, Крэйг Мейзин жазған «Чернобыль» сериалының сценарийі «Үздік сценарий» марапатына ие болды.

К. Мейзин бұған дейін үздік режиссура үшін жүлде алған Йохан Ренкті құттықтауға асықты. К.Мейзин жүлдесін Чернобыль атом-электр стансасында апатқа ұшыраған жандарға арнады. Сондай-ақ, ол Джаред Харрис басқарған керемет актерлік құрамға және бұл оқиғаны әлемге паш еткен командаға алғысын айтты.

Айта кетейік, «Чернобыль» телехикаясының сценарийі «Даннемор түрмесінен қашу» (6 және 7-сериялар), Фосси/Вердон, «Ағылшынша жанжал» және «Олар бізді көргенде» (4-бөлім) сынды қарсыластарын артқа тастаған.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай