Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чилиде Димаштың шығармашылығына арналған радио іске қосылды

2020 жылдың 29 тамыз 2020 01:25

ЧИЛИ. ҚазАқпарат – Чилиде «DEARMASH FM» тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

«Радиостанция Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында ашылған. Интернет радионы Чили халқы ғана емес, барлық Латын Америка тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы, әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосты», - делінген ақпаратта.

Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге, арнайы бағдарлама ұсынылады. Онда қазақстандық әншінің шығармашылық жолы, Қазақстан туралы мәліметтер беріледі.

1-інші және 2-інші бағдарламалар: «The singer»
3-інші бағдарлама: «Димаш және Игорь Крутой»
4-інші және 5-інші бағдарламалар: «Казақстан».

Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған «DQ Alianza Sudamericana Official» тобы қолдау танытып отыр.

«DEARMASH FM» радиосы:

Сайт: www.zeno.fm/dearmash
IG: dearmashfm
Facebook: RadioDearmashChile
Почта: radiodearmash@gmail.com

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашқанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай