Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп кешенді қолдау шараларын ұсынды

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп Төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарды қолдаудың кешенді шараларын ұсынды. Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтелеком приставкалар мен қосымшаларда, сонымен қатар tv.telecom.kz сайтында iD TV мен iD TV қызметтерін қолжетімді етті, 31 қаңтарға дейін Қазақтелеком қызметтерін пайдаланушыларға қосымша ақысыз 1 000 минут берді.

Сонымен қатар Beeline BeeTV қызметін қолжетімді етті.
Beeline мобильді қосымшасында (+ Каспи және Halyk Homebank) «Мемлекеттік жаңалықтар» айдары ашылды.
Президенттің тапсырысы бойынша, Beeline, Kcell, Activ, Tele-2, Altel барлық абоненттеріне тегін 200 SMS пен 300 минут берді», - деді министр.


Жоғары қарай