Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Цифрлық даму министрлігінің кәсіпорын басшысы «Байқоңырдағы» металл үшін пара алған

2021 жылдың 6 тамыз 2021 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын бас директорының міндетін атқарушы қомақты көлемде айыппұл арқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, кәсіпорын басшысы «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағынан 200 тонна қара металдың кедергісіз әкетілуіне жол берген.

«Ирюков «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңында (Ресей жалға алған аумақ) орналасқан «Инфракос» ШЖҚ РМК аумағынан 200 тонна қара металды кедергісіз әкеткені үшін жеке компания өкілінен жалпы сомасы 600 мың теңгені құрайтын, жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», - дейді агенттік өкілі.

Сот шешімі бойынша бас директордың міндетін атқарушы К.С. Ирюков Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 17,6 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл, ол алған параның 30 еселенген мөлшеріне тең.


Жоғары қарай