Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Цифрлық Қазақстан: АӨК-ні қолдау шаралары бірлесіп атқарылады

2017 жылдың 23 қараша 2017 15:17

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум жасалды.

Құжатқа сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары енді бірлесе атқарылмақ, деп хабарлайды «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, АӨК субъектілері үшін Қазақстандағы шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың қызметіндегі заң шығаратын ортаны талдау және пысықтауды, Холдингтің көзделген бағдарламалары шеңберінде талаптарды оңтайландыру, «ҚазАгроның» қаржылай қолдау бағдарламасын «бір терезе» қағидаты бойынша Бірыңғай цифрлық платформаға кейіннен интеграциялай отырып ауылдағы бизнеске беру үшін автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу секілді бірқатар маңызды мәселелер қамтылатын болады.

«ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің айтуынша, мемлекет пен агробизнестің осындай өзара әрекеттері нәтижесінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жұмысын жеңілдейді, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісін тиімді жүргізуге ықпалын тигізеді.

Ұлттық холдингтің басшысы «ҚазАгроның» Несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің іске қосылғаны жайлы да айтты. Бұл жүйе фермерлерге ыңғайлы сервис арқылы нақты уақыт режімінде несие және лизинг алу үшін құжаттарды өткізуге және Холдингтің несиелеуші компаниясының кеңсесіне бармай-ақ, олардың қарастырылуын бақылауға мүмкіндік береді, яғни өз уақыттары мен қаржы шығындарын біршама қысқартады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

Жоғары қарай