Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді - ҚР ҚМ

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төлемақыны төлеу тәртібі Салық кодексінің 69-тарауының 11-параграфымен реттеледі.

Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және төлем қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады.

Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сүйене отырып есептеледі, төлемақы ставкасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады (кВт/сағ саны*1 теңге).

«Төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі - тоқсан болып табылады. Цифрлық майнинг үшін ақы төлеу Республикалық бюджетке 105 317 Бюджеттік сыныптама кодына (БСК) жүргізіледі. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін төлемақыны 2022 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет», - деп атап өтті ҚР ҚМ МКК-де.

Төлеушілер төлемді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру орны бойынша (цифрлық майнингке арналған жабдықты орналастыру орны бойынша) төлейді. Бұл ретте цифрлық майнинг үшін төлем бойынша салық есептілігін тапсыру Салық кодексінде көзделмеген.


Жоғары қарай