Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

CҚО-да қағаз бен кірпіш шығарылмақ

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қағаз бен кірпіш шығаратын зауыттар салынып жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп дамып, перспективалы инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл индустриялық экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бір жыл бұрын фанера комбинаты мен биг-бег шығаратын фабрика істей бастады. Мәселен, фанера зауыты іске қосылғаннан бері 8,5 мың текше метр өнім шығарған. Қазір зауыт 100 пайызға жүктелді, алда 3 айға тапсырыс бар. Биг-бег шығаратын зауыт ашылған күннен бастап 1,2 миллиард теңгеге 220 мың биг-бег өндірді», -деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, қазір облыста кірпіш зауытының құрылысы аяқталуға жақын, ол облыстың кірпіш қажеттілігінің 30 пайызын өтейді.

«Тағы бір сұранысқа ие құрылыс материалы - автоклавты газдалған блок. Жуырда облыс орталығында автоклавты газоблоктар мен плиталар шығаратын зауыт пайда болады. Петропавлда майлық, санитарлық және кеңсе қағаздарын шығаратын қағаз зауыты салынуда. «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында электр зауыты мен «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын кәсіпорын сынды перспективалы инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда», - деді Құмар Ақсақалов.


Жоғары қарай