Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19 бойынша медициналық ұйымдардың дайындығын бағалау жүргізіледі - Марат Шоранов

2021 жылдың 3 наурыз 2021 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сарапшылар институтын аккредиттеу рәсімін жетілдіруді қамтамасыз ету жоспарда бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың даярлығын бағалау тұрақты негізде жүргізіледі. Сонымен қатар, 2020-2025 жылдарға арналған фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасады», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, дәрілік заттарды ұлттық тіркеуден ЕАЭО ережелерімен тіркеуге көшу, сонымен қатар ЕАЭО аясында фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтылды.

5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.


Жоғары қарай