Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар интернет арқылы басқаруға болатын гибридтерге айналады - фейк

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар гибридтер деп аталатын және оларды қашықтан басқаруға болатындығы туралы хабарлама тарады. Сонымен қатар, вакцинацияланған адамның геномын өңдеуге болады екен. Бұл хабарламада ғылымға қарсы және жалған тезистер ұсынылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 қарсы вакциналар адамдарды гибридке айналдырмайды. Бұл тұжырым ғылымға қарсы. Сондай-ақ, вакциналар геномға да әсер етпейді.

Вакциналарды сынау туралы есептердің ешқайсысында ДНҚ құрылымындағы өзгерістер немесе бұзылулар түріндегі жанама әсерлер туралы айтылмаған. Геномдық өзгерістер вакциналар сыналған жануарларда да, вакцинация алған еріктілерде де тіркелмеген.
Адам гендерінің өзгеруі бүгінде этикалық емес, аз зерттелген және бірқатар елдерде тыйым салынған деп танылған.
Хабарламада вакцинацияланған геномды «қалағаныңыздай өңдеуге» болатындығы айтылған. Сонымен бірге авторлар айтылғандардың дәлелі ұсынылған АҚШ-тың Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының (NCBI) парақшасына сілтеме жасайды.
АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы (NCBI) – бұл бүкіл әлемнің молекулалық биологиясы, биомедицинасы және генетикасы туралы мәліметтер жинақталған институт. Бұл жағдайда NCBI сілтемесі манипуляция болып табылады.
Бұл парақшада вакцинацияланған адамның геномын өзгертуге болатындығына ешқандай дәлел жоқ. Бет эукариоттық геномның аннотациясына арналған – онда геномдағы аймақтарды кодтайтын гендердің орналасу процесі сипатталып, осы гендердің не істейтінін түсіндірмесі берілген.
Эукариоттар – бұл жасушаларында ядросы бар тірі организмдердің домені (үстемдік). Атап айтқанда, жануарлар, саңырауқұлақтар және өсімдіктер эукариоттар болып табылады.

«Редакциялау» процесі мүмкін және жүзеге асырылды, бірақ бұл оңай процесс емес. Адамның гендік инженериясының барлық белгілі жағдайлары баспасөзде кеңінен жарияланады. Мысалы, 2017 жылы сирек генетикалық ауруы бар америкалық екі ерікті геномды «өңдеген». Оларға ДНҚ-ның зақымдалған аймағын ішінара алмастыра алатын және нәтижесінде аурудан жазатын арнайы препарат егілді.

2018 жылы Қытайда әкесінен АИТВ жұқпас үшін ЭКО-мен туылған егіздердің ДНҚ-ы өңделді. Бұл жағдай медициналық қоғамдастықта дау тудырды, өйткені мұндай тәжірибенің салдары зерттелмеген.

Екі тәжірибе де ұзақ уақыт бойы көптеген мамандардың қатаң бақылауымен өтті. Бір реттік инъекция арқылы геномды өзгерту мүмкін емес.

Вакцинацияланғандарды интернеттің көмегімен қашықтан басқаруға болады деген тұжырым – біз бұрын жоққа шығарған кеңінен тараған қастандық теорияларының бірі.



Жоғары қарай