Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19 қарсы вакциналардың компоненттері құпияландырылған - фейк

2021 жылдың 14 қазан 2021 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцинацияны адамдарда жүргізілген тәжірибе, ал вакциналардың компоненттері құпияландырылған деп жазған автордың посты таратылуда. Бұл мәлімдемелер жалған. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шын мәнінде, вакциналардың құрамы құпия емес. Онымен өндірушілердің веб-сайттарында және ресми ақпарат көздерінен танысуға болады. Сонымен қатар, ықтимал жағымсыз реакциялар және басқа препараттармен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер де ұсынылған.

QazVac.
Sputnik V.
Hayat-Vax (Sinopharm).
Pfizer/BioNTech.
Vero Cell (Sinopharm)

Жаппай вакцинация тәжірибе немесе зерттеу емес. Қазақстанда қолданылатын СOVID-19 қарсы барлық вакциналар, олардың қауіпсіз екендігі расталған клиникалық сынақтардан өткен. Еріктілерде ауыр жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Препаратты алумен байланысты өлім-жітім де тіркелмеген. Сынақ нәтижелері ашық дереккөздерде жарияланды.

Пост авторы мәлімдемелері вакцинацияның қауіптілігін дәлелдейтін профессор Галина Червонскаяның сөзіне сүйенеді. Шын мәнінде, Червонская ешқашан иммунология бойынша зерттеулер жүргізбеген және атағы мен дәрежелері жоқ. Оның вакцинация жайлы мәлімдемелерін мамандар мен дәрігерлер бірнеше рет жоққа шығарды.

Демек, хабарламада шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат берілген.


Жоғары қарай