Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дағдарыс азаматтардың билікке сенбейтіндігін көрсетті - Мемлекет басшысы

2020 жылдың 10 шілде 2020 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды қайта құру қажеттігін мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дағдарыс біздің қоғамымыздағы әлеуметтік үйлеспеушілікті, азаматтардың жергілікті және орталық билікке күмәні мен сенбейтіндігін көрсетіп берді. Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Ол жергілікті өзін-өзі басқаруды айтарлықтай күшейтуді қарастыратын саяси реформаның бөлігіне айналады», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин, ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.


Жоғары қарай