Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді - Ләззат Қожахметова

2020 жылдың 22 қазан 2020 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында әлеуметтік жаңғыру бойынша топтың атынан баяндама жасаған журналист Ләззат Қожахметова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия жағдайында Қазақстан ғана емес, әлемде көптеген елдердің халқы жұмыссыздыққа ұшырап жатыр. Осы орайда халықтың әлеуметтік тұрмысы ушығып, несие мен жоқшылықтың қамытын киген отбасылар көбеюде. Қазіргі кезде пандемия кезінде отбасылық-зомбылықтар күшейіп жатыр, балаларға қатысты зорлық фактілерінің өзі халықтың ашу-ызасын тудырып отыр», - деді Л. Қожахметова.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирустың бірінші кезеңінде дағдарыс орталықтарына жүгінген әйел мен бала көбейді.

«Өкінішке қарай, оларды қабылдамады, себебі коронавирусқа қатысты тест нәтижелерін сұрады. Індеттің жаңа толқыны салқын мезгілге дөп келетіндіктен, осы мәселелерді келешекте қарастырылғанын әрі ескерілгенін қалаймыз», - деді Л. Қожахметова.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Ұлттық кеңес, Қоғам,
Жоғары қарай