Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Данат Жумин жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Данат Жумин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Данат Есболұлы ЖУМИН 1983 жылы 14 сәуірде Қостанай облысында дүниеге келді.

2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттанушы», 2009 жылы АҚШ Монтана университетін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы және 2017 жылы АҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойынша бітірген.

2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры.

2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Apex Consult» ЖШС-нің бас директоры. 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарушы төрағасының кеңесшісі.

2014-2016 жылдары «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай