Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәнді дақыл шығымы былтырғыдан 33,6 пайыз төмен болуы мүмкін - АШМ

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында құрғақшылықтың зардаптары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсімдік шаруашылық өнімдері 919,7 млрд теңгеге өндірілді. Бұл нақты мәнде өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,3 пайыз аз. Төмендеу вегетациялық кезеңде қалыптасқан топырақ пен атмосфера құрғақшылығына байланысты туындап, дақылдардың өсуіне теріс әсер етті. Мәселен, облыс әкімдерінің жедел деректері бойынша, 1 қыркүйекке дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа түсімі 7,9 центнерді құрады. Бұл өткен жылдың осындай күні қалыптасқан түсімділіктен 33,6 пайыз аз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өнім алған өңірлерді саусақпен санауға болады.

«Облыстар бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық орташа деңгейден жоғары өсу қарқыны 5 облыста байқалады. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қсотанай және Шығыс Қазақстан облыстары», - деді Ербол Қарашөкеев.


Жоғары қарай