Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дания цифрлық коронапаспортын іске қосты

2021 жылдың 28 мамыр 2021 18:11

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат – Дания ЕО-ның барлық аумағында жарамды болатын COVID-19 сертификатының ұлттық нұсқасы Coronapas қосымшасын іске қосты. Осыған байланысты Копенгаген әуежайында жұма күні баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат TV2 телеарнасына сілтеме жасап.

Цифрлық сертификат Данияның ішінде, сондай-ақ ЕО аумағынада саяхаттау үшін жарамды болады. Денсаулық сақтау министрі Магнус Хеунике атап өткендей, ел тұрғындарының жеке медициналық деректемелері қосымшада жоқ.

Қаржы министрі Николай Вамменнің айтуынша, жеке куәлікті сертификатпен бірге ұсынудың қажеті шамалы. Онда вакцинация, антиденелердің болуы немесе коронавирусқа тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы ақпарат көрсетілген.

Қосымшаны әзірлеу құны – 22 млн крон ($3,6 млн).


Жоғары қарай