Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Данияр Әшімбаев: Ұлттық кеңесті құру билік пен қоғамның диалогын дамытады

2019 жылдың 17 шілде 2019 20:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде халыққа таныс емес адам жоқ. Бұл пікірді қоғам қайраткері, саясаттанушы және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Данияр Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл кеңеске қосу үшін жүздеген адамның есімі айтылды. Бірақ, олардың бәрін қосса, кеңес жұмысы жүрмей қалар еді. Еліміздің қоғамдық-саяси даму мәселелерін талқылайтын кәсіби диалог алаңына айналған кеңестің шағын құрам нұсқасы анағұрлым тиімді. Әрине, кеңес пен оның құрамын үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл дұрыс та. Қазіргі уақытта мінсіз құрылымды жасау мүмкін емес, бірақ таңдалған тұлғалар алуан түрлі пікірді ортаға сала алады. Жарлықта бейтаныс адам жоқ. Билікке берілген адамдар да аз. Пікірталастан ақиқат тумаса да, соның жұрнағы болуы мүмкін. Билік қоғамды тыңдауға дайын және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси реформа жасауға, билік-қоғам диалогын дамытуға және қабылданатын шешім сапасын жақсартуға көмектеседі», - деді Данияр Әшімбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.


Ұлттық кеңеске түрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.


Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Ұлттық кеңес,
Жоғары қарай