Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионын техникалық нокаутпен жеңді

2020 жылдың 28 қараша 2020 09:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Американың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан бокс кешінде Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты.

Қос боксшы алғашқы раундты бірден қарқынды бастады. Арада аз уақыт өткенде қазақстандық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді.

Екінші раундта Индонго сақ қимылдай бастады. Елеусінов шабуылын бәсеңдетпей, қарсыласын тағы да нокдаунға түсірді.

Осылайша, қарсылас жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

Данияр Елеусінов жекпе-жектен кейінгі сұхбатында жеңіске оңай қол жеткізгенін және үлкен айқастарды асыға күтетінін жеткізді.


Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай