Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінде өнер көрсетпейтін болды

2019 жылдың 18 мамыр 2019 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегінің уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«25 мамыр, Мэриленд(АҚШ)»,-деп жазды Елеусінов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елеусінов 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) - Стив Роллс (19-0, 10 КО) бокс кешінің андеркардында рингке шығатыны белгілі болған еді.

Боксшының менеджері Зия Алиев Sports.kz-ке берген сұхбатында, Елеусіновтың 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтын жеткізді.

Жоғары қарай