Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Данияр Елеусінов қарсыластары туралы айтты

2019 жылдың 3 қараша 2019 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов алдағы қарсыластары туралы қысқаша айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарсыластарым мықты болған сайын, мен де мықты бола түсемін», - деп жазды боксшы Instagram парақшасына.

Еске сала кетейік, Данияр келесі жекпе-жегін 20 желтоқсан күні Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand аренасында Дэниел Джейкобстың бокс кешінде өткізуі тиіс. Әзірге Елеусіновтің қарсыласы белгілі емес.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов бұған дейін жанкүйерлеріне сый дайындап жатқанын мәлім еткен болатын.

Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай