Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Данияр Елеусіновтің алда өтетін жекпе-жегіне баға берілді

2021 жылдың 25 қараша 2021 08:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) алдағы уақытта өтетін мексикалық Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жекпе-жегіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионының бос титулы бәске тігіледі.

BoxRec бұл айқасты бес жұлдыздың ішінде үш жұлдызға бағалады. Бұдан бұрын Елеусіновтің Алан Санчес (21-5-1, 10 КО) және Джулиус Индонгомен (23-4, 12 КО) өткізген жекпе-жектері де үш жұлдызға бағаланған болатын. Индонгомен қазақстандық IBF Inter-Continental бос белдігі үшін айқасты, ал Санчеспен өткен жекпе-жекке мүлде титул тігілмеген.

Еске салсақ, 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл Данир Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін бірінші айқасы болмақ. Сонымен қатар оның қарсыласы белгілі болды.



Жоғары қарай