Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дархан Қыдырәлі БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті

2021 жылдың 9 шілде 2021 01:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр Түркі академиясына арнайы келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәртебелі мейманды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қарсы алды.

Түркі академясының кітапханасымен және ондағы мол кітап қорымен таныстырған Академия басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасына ұйымның жұмысы туралы кең мәлімет берді.

Өз кезегінде көрнекті дипломат Волкан Бозкыр түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Академияның айрықша маңызды ұйым екеніне тоқталып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.





Академия басшысы мейманға арнайы құрмет көрсетіп, Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.

Еске алсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр 8-9 шілде аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай