Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрі бағасының негізсіз өскенін көрсеңіздер, маған хабарлаңыздар - Ералы Тоғжанов

2020 жылдың 5 шілде 2020 22:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі қиын жағдайда дәрі-дәрмекті қымбаттатып, пайда табамын дегендерге түбінде жақсылық болмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - оңай мәселе емес. Осындай күрделі кезеңде азаматтардың қиын жағдайға душар болғанын пайдаланып, пайда табамын дегендерге түбінде жақсылық болмайды. Сондықтан мұның бәрін ескеру қажет. Бұл іс Президенттің ерекше қадағалауында. Өткенде сіздерден өтінгенмін, әр азамат осындай жағдайға тап болса, тікелей хабарласуға мүмкіндігі бар. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Өзіме де тікелей хабарласуға болады. Сондықтан жұмыс істеу үшін жұмылған жұдырықтай бірігу керек. Бүкіл ел қолдап, хабар беріп отырсаңыздар, ондай адамдарды тез анықтауға мүмкіндік бар. Сондықтан сіздерден барлық ақпаратты елге шығарып, бізге беріп отыруларыңызды сұраймыз», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Айта кетейік, БАҚ өкілдері вице-премьерден дәрі-дәрмек алыпсатарларының жолына тосқауыл қою жұмысы қалай жүргізілетінін сұраған еді.


Жоғары қарай