Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дариға Назарбаева балабақшаларға қатысты Премьер-Министрдің атына сауал жолдады

2021 жылдың 16 маусым 2021 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Дариға Назарбаева мен Фахриддин Қаратаев жекеменшік балабақша мұғалімдерінің жалақысы мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекеменшік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты тағы да Cізге жүгінудемін. Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселе көтерді. Сіздің депутаттық сауалға берген жауабыңызға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату, жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралар қабылдады», - деп тоқталды Д. Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері биылғы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын, яғни неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? Ағымдағы қаржы жылында Түркістан және Алматы облыстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма? Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады ма?», - деп сұрады депутат.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Білім, Парламент,
Жоғары қарай