Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрігерлер қандай жағдайда вакцинаны кейін салдыруға рұқсат қағаз береді

2021 жылдың 28 маусым 2021 19:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев дәрігерлер қандай науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды кейінге қалдыруға рұқсат қағаз беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші кезекте, аллергиясы бар барлық адамға. Алайда, ол науқас диспансерлік есепте тұруы керек.

«Бүкіл жерде, әрбір денсаулық карточкасында аллергия байқалатыны және қандай дәрілік препараттарға немесе химиялық реагенттерге аллергия бар екені жазылатын баған бар. Сондықтан, бұл жерде дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бәрі медициналық тарихта сипатталған. Ал квинкенің ісінуі, тұншығу тәрізді аллергияның ауыр түрлері бар адамдар, әрине, олар ерекше есепке алынады»- деді ол.

Сонымен қатар, ол қабылдау пунктінде науқастың ауру тарихында қандай да бір дәрілік аппараттарға ғана емес, бояғыштарға немесе басқа химиялық және органикалық заттарға реакциялар байқалатыны көрсетілсе, анамнез жиналатынын атап өтті.

«Әрине, оларға вакцина салу кейінге қалдырылып, зерттеу жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша үйіне жіберіледі», - деді Нариман Табынбаев.

Бұған дейін, Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтқан болатын.


Жоғары қарай