Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дәрігерлер соққыға жығылған ақтөбелік кәсіпкердің жағдайын айтты

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 18:16

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Соққыға жығылып, есеңгіреп қалған кәсіпкер қазір ауруханада жатыр. Оның миы шайқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас бізге 25 қыркүйек күні келіп түсті. Оған бас-ми жарақаты, бас ми шайқалуы диагнозы қойылды. Алған жарақаты орташа ауыр. Қазір ем алып жатыр. Көзінен де соққы алған. Көз дәрігер өз кеңесін беріп, жарақаттың зардапсыз жазылатыны туралы айтты», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Айтмурзин.

Еске салсақ, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті е кі мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығып кеткен.

Жоғары қарай