Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Дәулет Дәукенов те өзбекстандық қарсыласын қапы қалдырды

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 22:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегінде Қазақстан боксшысы өзбекстандық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстандық Эльдорбек Саидов пен қазақстандық Дәулет Дәукенов те 63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Қос қарсылас та 6 раунд бойында асқан сақтықпен жұдырықтасты. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан боксшысы 79:73, 80:72, 80:73 есебімен жеңімпаз деп танылды.

«Ертең мені тоғыз ай құрсағында көтерген анамның туған күні. Жеңісімді Тәуелсіздік тойы мен анамның туған күніне арнаймын»,- деді Дәклет Дәукенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай