Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәурен Абаев: Ауғанстанда тәліптерден радикалды саяси күштер бар

2021 жылдың 21 қазан 2021 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог-2» сұхбатында Қазақстан дипломаттарының Талибан (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) Үкіметімен байланысқа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік аппаратымыз бір жағынан ел аумағында тәліптердің ұйымына тыйым салады, екінші жағынан онымен байланыс орнатады. Қисын қайда?» деп сұрады сұхбат тізгіншісі.

Дәурен Абаев бұл сұрақтың жауап бере отырып, Ауғанстанның Орталық Азиядағы рөліне тоқталды.

«Біріншіден, Ауғанстан - Орталық Азия аймағындағы ірі мемлекеттердің бірі. Ол жақта болып жатқан оқиғаларға көз жұмып отыра алмаймыз. Өзіңіз таразылап көріңізші 39 млн тұрғыны бар. Бұл Қазақстан халқынан екі есе көп деген сөз. Ол жақтан босқындар ағылғанын елестетіп көріңіз. Әрине, кез келген мемлекет үшін, жалпы әлем қауымдастығы үшін Талибан (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) сияқты қозғалыстың билікке келуі аса бір жағымды сценарий деп айтуға келмейді. Бірақ кейбір топтармен салыстырғанда бұл жол ең нашар емес екені көрініп қалды. Ең болмағанда тәліптер көрші мемлекеттерді басып алуды көздеп отырған жоқ. Ислам мемлекеттерінің бірнеше формасы бар. Талибан өздерін бірден «әмірлік» деп жариялады. Ал көбі халифат құрылады деп күткен болатын. Егер сәл шегініс жасасақ, халифат деген бүкіл ислам әлеміне ықпал етуді көздейтін жүйе. Сондықтан оның табиғатында сыртқа басқыншылықпен қарау бұрыннан бар. Ал әмірлік өз билігін тек өз аумағында ғана жүргізуге бейілді. Бізде тыйым салынған Талибан қазірдің өзінде құрылымын «әмірлік» деп жариялады», - деген Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тәліптер кетсе, орнына одан да қауіпті режимдер орнауы мүмкін екенін еске салды.

«Мысалы, экономикалық қиындықтардың салдарынан тәліптердің режимі құлаған жағдайда орнын сол баяғы «ИГИЛ» баспайтынын кепілдік жоқ. Жуықта ғана Ауғанстан мешіттерінде көп адамның өмірін қиған жарылыстар онда тәліптерден де радикалды саяси күштердің амбициясы бар екенін көрсетіп отыр», - деді Дәурен Абаев.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Ауғанстан,
Жоғары қарай