Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Дәурен Абаев елді дүрліктірген электронды үкімет порталындағы картағы қатысты түсініктеме берді

2020 жылдың 23 наурыз 2020 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елді дүрліктірген электронды үкімет порталындағы картағы қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір сауал eGov.kz электронды үкімет порталындағы шулы картаға қатысты болып отыр. Кеше ол дүрбелең тудырды. Өйткені, көпшілігі оны вирустың таралу картасы екен деп түсініп қалған. Ал іс жүзінде ол жерде негізінен коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдардың саны көрсетілген еді. Олардың барлығы да медициналық бақылаудан өткен. Ешқайсысынан коронавирус инфекциясы табылмаған. Даурығуға еш себеп жоқ. Қазіргі уақытта карта барынша түсінікті болуы үшін жетілдіріліп жатыр», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, кеше eGov.kz электронды үкімет порталында елімізде коронавирустың таралуын, оның ішінде халық үшін қауіпті аймақтарды көрсететін карта пайда болған еді.



Жоғары қарай