Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар саны күрт артты

2021 жылдың 29 шілде 2021 09:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскенін хабарлады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21% - ға көп. Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады»,-делінген ақпаратта.


Жоғары қарай