Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ДДҰ коронавируспен күресте цифрлық технологияны пайдалануға шақырады

2020 жылдың 25 маусым 2020 17:31

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сандық технология коронавирус пандемиясымен күресуде жетекші рөл атқара алады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күнгі онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Сандық технология пандемиямен күресте жетекші рөл атқара алады. Ол науқастанған адамдардың кіммен байланыста болғанын анықтайды. Еуропада сандық бақылау туралы ұлттық шешім қабылдаған 27 елдің құрамында Австрия, Грузия және Солтүстік Македония бар. Тағы 4 ел (Андорра, Финляндия, Ирландия, Португалия) жобаны дайындап жатыр», деді Клюге.

«Сандық технология мен жасанды интеллект пандемия кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Францияда телефондағы виртуалды көмекші жасанды интеллектің көмегімен бір уақытта мыңнан аса адамға жауап бере алады», - деп толықтырды ол.

«Италия жасанды интеллектіге негізделген технологияны сынақтан өткізіп жатыр. Ол смартфондағы бағдарлама мен камера арқылы жүрек жиырылуының жиілігі, жүрек ырғағының әртүрлілігі, оттегімен қанығу және тыныс алудың жиілігі туралы маңызды мәліметтерді жинайды. Швецияда телемедицина дәстүрлі көмекті қолдау үшін пайдаланылады», - деді Ханс Клюге.

Коронавируспен күресуде сандық технологияны ұтымды пайдалануға шақырған ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының басшысы адамдардың жеке мәліметтерінің де қорғалуына баса назар аудару керектігін атап өтті.


Жоғары қарай