Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын  талап ету міндетті емес деп санайды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 15:24

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) директоры шақырған Төтенше жағдайлар комитеті шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясы туралы сертификатты талап ету міндетті емес екендігін мәлім етті. Себебі вакциналар барлығына бірдей қолжетімсіз және олардың инфекцияның таралуын болдырмаудағы тиімділігі дәлелденбеген. Оның тек аурудың асқынуынан қорғайтындығы белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Комитет сонымен қатар коронавирустың жаңа штаммына қатысты ұсыныстар жасады: сарапшылар елдердің вирустың геномдарын ретке келтіру саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге, яғни мутацияны анықтауға жол ашатын процедура, сондай-ақ түрлі елдердің ғалымдары арасында белсенді ақпарат алмасуды жолға қою.

ДДҰ-да бұрын хабарланғандай, вакциналар Covid-19-тың асқынуынан қорғайды, бірақ вакцина алған адамның мүлдем жұқтырмайтындығы және ауруды басқаларға жұқтырмайтындығы әлі дәлелденген жоқ. Ғалымдардың қолында бар мәліметтер өте шектеулі. Сондықтан комитет мүшелері шекарадан өткен кезде «вакцинация туралы төлқұжат» талап ету қажет емес дейді.

«Бізде бұл дауылдан аман қалудың бір жолы бар: біз қолымыздағы қаражатты бір-бірімізбен бөлісуіміз керек және оларды бірге пайдалану міндеттемесін ұстануымыз қажет», - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейюс брифингте сөйлеген сөзінде.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай