Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Демалыс базасында үйді жалға беремін»: ШҚО-да талайды алдаған алаяқ ұсталды

2021 жылдың 24 қараша 2021 14:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірнеше адамды алдап соққан әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Hi-tech» жедел алдын алу шарасы барысында тегін хабарландыру беруге болатын сайттарды қолданып, алаяқтық жасаған Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

«Әйел адам Алтай ауданы Бұқтырма кентіндегі демалыс базасында орналасқан үйлерді жалға беретіндігін айтып, талай адамды алдаған. Сөз арасында өзіне хабарласып, үй сұрап жатқандардың көптігіне байланысты алдын ала төлем жасау қажеттігін айтып отырды. Бұған сенген жәбірленушілер үйді арзан бағаға алғылары келіп, сұраған ақшасын жібере салған. Ал содан кейін алаяқ мүлде хабар-ошарсыз кеткен», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Жоғары қарай