Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері бірнеше өңірде 40 градус ыстық болады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірнеше өңірінде демалыс күндері 40 градус ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21-23 тамыз күні күндіз Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамыз күні күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болады, сондай-ақ төтенше өрт қаупі бар.

21 тамыз күні күндіз Маңғыстау облысында 35 градус ыстық болады. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамыз күні күндіз Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с солтүстік-шығыс, шығыстан шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, шаңды дауыл екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді.

21-23 тамыз күндері күндіз Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде 41 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі бар. Орал қаласында 41 градус қатты ыстық болуы ықтимал.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай