Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Демалыс күндері Шығыс Норвегияға 7,5 мыңға жуық жай түскен

2019 жылдың 5 тамыз 2019 21:12

ОСЛО. ҚазАқпарат – Синоптиктер өткен аптаның демалыс күндері Шығыс Норвегияға 7463 рет найзағай түскенін анықтады. Жергілікті мамандардың ақпаратына сәйкес, найзағайдың жарқылдауына солтүстіктен соққан дауылды жел мен оңтүстіктен келген жылы ауаның кездесуі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жай түсуі әжептәуір материалдық шығын әкелгенімен, соңғы жылдары Норвегияда соңы өлімге әкеп соққан жағдайлар көп емес.

Соңғы 20 жылда найзағай соғып, елде 3 адам қаза тапқан. Алайда шілде айының соңында Италияның Альпі тауында табиғи рельефтен жүгіруге қатысқан 45 жастағы норвегиялық азаматша найзағайдың құрбаны болды. Теңіз деңгейінен биіктігі 2,1 мың метрден жай түскеннен кейін әйел адам тірі болған, алайда құтқарушылар келгенше жан тәсілім еткен.

Шамамен осы уақыт аралығында Үндістанда найзағай түсіп, 2 күн ішінде 50 адам көз жұмған еді.

Ал осы оқиғалардан үш жыл бұрын дәл сол Норвегияның Хардангевидд оңтүстік таулы үстіртіне жай түсіп, 323 бұғы қырылып қалды.

Автор: Ильяс Омаров

Басты сөздер: Оқиға, Еуропа,
Жоғары қарай