Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Денис Кузин Төрт құрлық чемпионатында «алтын» алды

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 13:06

КАЛГАРИ. ҚазАқпарат - Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Төртқұрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады.

Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңімпаз – Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленді.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.


Басты сөздер: Әлем, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай