Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Денсаулық министрлігі коронавирус науқастарының жағдайын айтты

2021 жылдың 11 сәуір 2021 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуірдегі деректерге сәйкес, короновирустан 32 899 адам (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 546 адамның жағдайы ауыр;

- 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Жоғары қарай