Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмаудың екпесін салдырды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмаудың екпесін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайынғы кезекті тұмаудың екпесін салдырдым. Былтыр екпеден кейін суық тиіп ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны басталды. Барлықтарыңызға саулық тілеймін!», деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.




Еске сала кетсек, биыл вакциналау науқаны қарсаңында бюджет есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Сондай-ақ, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланд) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.









Жоғары қарай