Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Денсаулық сақтау министрлігі Damumed төңірегіндегі дауға түсініктеме берді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Damumed төңірегіндегі дауға түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің медициналық қызметтер ақпараттық жүйесіне енгізілуіне қатысты тақырыпты талқылай бастады. Бұл шындығында да бұрмалау және біз мән-жайды анықтап жатырмыз», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі мұндай істердің ашықтығына мүдделік танытатындығын баса айтты.

«Азаматтардың белсенділігінің арқасында ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Бұл жүйенің кемшіліктерін тауып, болашақта қайталанбас үшін оларды жөндеу өте маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі де, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да бұл жағдайды түбегейлі түзетуге мүдделі», - деді Бағдат Қожахметов.


Жоғары қарай