Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутат егістіктерді суару желісі әбден тозғанын айтты

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылданған жоқ. Бұл туралы Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қайнар Абасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

«Бүгінгі таңда су ресурстарын тиімсіз пайдалану өзекті мәселе болып отыр. Атап айтқанда, бұл суды көп қажет ететін ескірген өндірістік технологияларды қолдану және тасымалдау кезінде су шығынының жоғары деңгейі (60% - ға дейін). Жалпы, республикалық меншікте ұзақтығы шамамен 20 мың шақырым болатын 3298 суару желісі бар, оның 11,9 мың шақырымы тозығы жеткен, соның салдарынан ауыл шаруашылығы жерлері суармалы сумен толық қамтамасыз етілмейді. Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, 600 мың гектар жаңа суармалы жерлерді игерудің және оларды 2,2 млн гектарға дейін жеткізудің орнына іс жүзінде қолда бар суармалы жерлер азайып келеді. Ал суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша нақты шаралар бүгінгі күнге қабылданған жоқ», - деді Қ. Абасов Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, қарқынды технологияларды енгізу 1 гектардан 10 млн теңгеге дейін табысты арттыруға мүмкіндік береді. Үлгі есебінде Түркістан облысында бірнеше шаруашылықтардың жетістіктерін байқауға болады.

«Сондықтан жоғарыда аталған проблемалар елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды және жан-жақты, кешенді, стратегиялық шешімдер қабылдауды талап етеді. Ирригациялық жүйелерді қалпына келтірумен бірге, заманауи ылғал үнемдеу технологияларын жаппай енгізу қажет. Бірақ мұнда да проблемалар бар - бұл электр энергиясының және қажетті инфрақұрылымның қымбаттылығы», - деді депутат.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін келесі шешімдерді қабылдау қажет:

- Қазіргі заманға сай ирригациялық жүйелерді салу және пайдаланыстағы жүйелерді жаңғырту. Нәтижесінде, бұл каналдардың құрылысы және олардың ұзақтығы бойынша есеп емес, суармалы сумен толық қамтамасыз етілген жерлердің көлемі болу керек.

- Су үнемдеу технологияларын енгізуде қолданыстағы сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидияның көлемін 50% орнына 80% - ға дейін ұлғайту қажет. Су үнемдеу технологиясының қажеттіліктері үшін баламалы энергия көздерін салуды субсидиялау қажет.

- «Қазсушардың» жауапкершілігі суармалы судың жеткізілетін көлемі бойынша емес, суармалы сумен қамтамасыз етілген жердің көлемі бойынша болу керек.

- Ирригациялық жүйелерді салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестігін енгізу арқылы инвестициялар тартуды қамтамасыз ету.


Жоғары қарай