Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутат: Экологиялық құзыретті уәкілетті органға беру бизнеске қысым жасауға жол ашады

2020 жылдың 28 қазан 2020 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов Экологиялық кодекс жобасын екінші оқылымға дейін пысықтау керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қаралып отырған заң жобасы Әкімшілік заңнама бойынша заңдылықты қосымша қамтамасыз етуге бағытталған. Қоршаған ортаның сапасын сақтау мен жақсарту мәселесінде де оның маңызы зор. Сонымен бірге депутаттар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің қолданыстағы нормаларына сәйкес келтіру үшін мақсатты түзетулер енгізді. Атап айтқанда экологиялық рұқсатты тоқтата тұру, одан айыру, сондай-ақ қызметін тоқтату және оған тыйым салу түріндегі санкциялар көзделген. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықбұзушылықтар тек соттарда қаралатын болады. Өйткені бұл өндірістік процестерді тоқтатуға алып келеді. Ол өз кезегінде ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтыруы мүмкін», - деді Жанат Жарасов.

Депутаттың айтуынша, сондай құзыретті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беру – сыбайлас жемқорлық үшін және бизнеске қысым көрсету үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Заң жобасына мұқият әрі жан-жақты қарауды талап ететін нормалар ұсынылып отыр. Атап айтқанда түзетулердің бірінде ірі кәсіпкерлік субъектісі қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 1 жылдан 3 жылға дейін жазаға тартылған болып есептелетін мерзім ұсынылды. Бұл норманы қабылдау эмиссияларды асырғаны үшін айыппұл мөлшерінің өте жоғары болуымен қатар Экологиялық кодекстің ең үздік қолжетімді техникаларды енгізуге бағытталған негізгі идеологияларын іске асырмайды. Себебі ірі кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік бюджетке қазіргідей қаражаттың дәл сондай көлемін төлеуге және оған қоса үздік қолжетімді технологияны енгізуге мәжбүр болады. Осыған байланысты екінші оқылымға дейін осы түзету пысықтау қажет», - деді ол.


Жоғары қарай