Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Депутат: Еуропарламент қабылдаған Қазақстан жайлы қарар – асығыс шешім

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еуропа Парламентінің Қазақстандағы ахуал туралы қарары мезгілінен бұрын, асығыс қабылданған. Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір тергеу қорытындысын күтіп отырмыз. Сол тергеу нәтижесі жағдайды тереңірек ашып, шын мәнінде не болғаны туралы қосымша ақпарат пен түсінік қалыптастыруы керек. Сондықтан Еуропарламенттің бұл қарарын асығыс шешім деп есептеймін. Өкінішке қарай, Еуропалық Парламенттегі әріптестеріміздің бізбен байланыспағаны шынымен де алаңдатады. Менде Еуропарламент өкілдерінің адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен, қазір азаматтардың құқықтарын қорғап жүрген азаматтық қоғам өкілдерне де хабарласпағаны туралы мәлімет бар. Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын білдіретін ақпаратта да солай жазылған. Алайда Сыртқы істер министрлігі берген ресми ақпарат елеусіз қалды. Осының бәрі түсініксіздік туындатып отыр. Соған қарамастан, біз әлі де күш салып, қажетті диалог орната аламыз», - деді Зүлфия Сүлейменова ҚазАқпарат тілшісіне.

Депутат қаңтар трагедиясы туралы қандай да бір мәлімдеме жасамай тұрып ең алдымен жаппай тәртіпсіздікті тергеу қорытындысын күту қажет деп ойлайды.

«Біз Мәжіліс депутаттары ретінде осы мәселелер бойынша шетелдік әріптестерімізбен диалог жүргізуге дайынбыз», - деді Зүлфия Сүлейменова.

Депутаттың пайымдауынша, қарарда көрініс тапқан бірқатар мәселелер бойынша тергеулердің қорытындысын күту керек.

«Бұл шешім мерзімінен бұрын қабылданғанын айтуға мәжбүрмін. Өйткені оны қабылдау кезінде пайдаланылған ақпарат пен тұжырымдар әлі нақытланбаған. Тергеу қорытындысын негізге алмай жағдайды бағалау өте қиын. Сонымен қатар, Еуропарламентте де елдегі қайғылы оқиғаларды толық бағалау үшін тергеу қорытындысын күту қажет екенін айтқан жекелеген депутаттар болды. Дегенмен, кейбір депутаттар дәлел жеткілікті деп шешті», - дейді Мәжіліс өкілі.

Сондай-ақ, Зүлфия Сүлейменова Қазақстанның адам құқықтарын сақтауға барынша мүдделі екенін еске салды.

«Мемлекет басшысы да Қазақстан адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін берік ұстанатынын атап өтті. Сонымен қатар, Президент ұсынған барлық саяси реформалар жалғасады. Адам құқықтарын біртіндеп демократияландыру, жаңғырту және сақтау бағытын еліміз мығым ұстанып келеді. Бұл - маңызды мәселе. Сөз жоқ, біз үшін адам құқықтары, адам құқықтарын сақтау, қоғамды демократияландыру мәселелері күн тәртібіндегі ең маңызды тақырып болып қала береді», - деді Мәжіліс депутаты.

Сурет: inbusiness.kz
Жоғары қарай