Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутат ҚХР-мен шекарада қандай қиындықтар болғанын айтты

2021 жылдың 11 қараша 2021 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Нұрлан Қылышбаев еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында кәсіпкерлердің Қытаймен шекара арқылы тауар тасымалдау кезінде кездесетін мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында сенаторлар Алматы облысында көшпелі отырыс өткізіп, «Алтынкөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттеріне барып, мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Сол кездесуде көтерілген мәселелердің бірі – Қытаймен шекараны кесіп өту қиындықтары. Өткізу пункттерінде жүк автомашиналары мен пойыздар жиналып қалды. Шекарада жүктердің тұрып қалуына байланысты отандық кәсіпкерлер бизнес-қоғамдастық тарапынан үлкен шығындарға ұшырады.

Сенатор сондай-ақ кәсіпкерлермен кездесу барысында заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететін көптеген мәселелер көтерілгенін атап өтті. Осыған байланысты депутат өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтты.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының цифрлық трансформациясының кешенді стратегиясын жасау, қағаз құжат айналымын алып тастау, локомотивтік тартқыш, сондай-ақ темір жол желісі мәселелерін шешу, бірыңғай ақпараттық дерекқор құру арқылы көліктік бақылау учаскесін цифрландыру, қытай тарапымен жүргізілетін келіссөздер аясында мемлекеттік органдар «Нұр жолы» өткізу пунктінде тұрып қалған бос тіркемелерді қабылдауды қамтамасыз ету, теміржол, автомобиль көлігімен өткізілетін қазақстандық экспорттық тауарларды қабылдау мәселелерін пысықтау қажет», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.


Жоғары қарай