Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутат жетімдермен жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеруді ұсынды

2021 жылдың 31 наурыз 2021 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының арнайы балалар үйіндегі 35 жыл еңбек өтілі бар медицина қызметкері 80 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы 838 жетім баланы өз бақылауына алғаны туралы айтып өткен болатынмын. Бұл балаларға алаңдамауға болады, себебі әр бала не киіп, не жеп, қалай өмір сүріп жатқаны бақылауда. Ал 18 жастан кейінгі жетім балалардың өмірімен ешкім айналысып жатқан жоқ. Сондықтан 18-29 жас аралығындағы жетімдердің өміріне дәл осылай бақылау жүргізуді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар сасаты басқармасына жүктеу қажет. ҚР Конституциясы, ҚР Президентінің актілері, ҚР Үкімет қаулысы және басқа да кормативтік-құқықтық актілер бұған заңды негіз бола алады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Тілеуханова.

Оның айтуынша, жетім балаларға көмек көрсетуді ең алдымен тәрбиешілерден бастау керек.

«Жетім балаларға әке орнына – әке, ана орнына – ана болып отырған тәрбиешілер, ұстаздар және медицина қызметкерлерінен бастап көмек көрсету қажет. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының арнайы балалар үйіндегі 35 жыл еңбек өтілі бар медицина қызметкері 80 мың теңге жалақы алады. Бұл мәселемен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім министрлігі айналысып жатыр, бірақ проблеманың қашан шешілетіні белгісіз. Біздің ұсыныс - жалақыны көтеру мәселесін қарастыру қажет», - дейді ол.


Жоғары қарай