Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дер кезінде медициналық препараттар мен дәрі жеткізген Ресейге алғыс айтамын - Тоқаев

2020 жылдың 1 шілде 2020 13:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей билігіне алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің вирусолог мамандарды Қазақстанға жіберетіні белгілі болған еді.

«Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді» делінген ақпаратта.

Жоғары қарай