Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дезинфекция жұмыстарының денсаулыққа зияны бар ма – Цойдың жауабы

2020 жылдың 21 шілде 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дезинфекция жұмыстарының денсаулыққа зияны бар ма? Бұл сұраққа Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан тек сараптамадан өткен дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады. Оның салдарынан қандай да бір жаппай ауырудың немесе қандай да бір басқа зиянды реакцияларды тіркеген жоқпыз. Бәлкім аллергия секілді жеке реакциялар кездесуі мүмкін. Алайда бізде қандай да бір жаппай сырқаттану немесе коронавирусты үдетті-ау деген ешқандай мәлімет жоқ», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр сонымен қатар дезинфекциялайтын заттар тек нұсқаулыққа сәйкес қолданылуы керектігін жеткізді.

Еске сала кетсек осыдан екі күн бұрын еліміздің Қарулы күштері жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай органдарының гарнизондарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізуге көмек көрсетуді қайта бастаған болатын.


Жоғары қарай