Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар

2020 жылдың 13 ақпан 2020 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», - деді Диас Ахметшәріп.

Жапонияның Kiodo агенттігінің хабарлауынша, Diamond Princess лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 219-ға жетті.



Жоғары қарай