Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Диего Марадона өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін

2020 жылдың 28 қараша 2020 16:26

БУЭНОС-АЙРЕС. Telam – ҚазАқпарат – Аргентинада жақында көз жұмған футбол аңызы Диего Марадонаның өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telam агенттігіне сілтеме жасап.

Аргентиналық агенттіктің мәліметіне сәйкес, қайтыс болған футболшы, Аргентина құрамасының жаттықтырушысына қатысты тергеу бойынша оның жағдайын бақылау үшін арнайы жалданған медициналық қызметкерлер немқұрайлылыққа жол берген деп күдікке ілініп отыр.




Медбикенің бірі Марадонаға жүрегі тоқтаған күні таңертең қажетті дәрісін бермеген.

Сонымен қатар, Telam агенттігі алған қолжазба медициналық есебіне сәйкес, медбике бұрынғы футболшыны тіпті оятпаған. Ол үйге психолог пен психиатр келген сәтті күткен (олар есепте айтылғандай, таңертеңгі сағат 11-де келген), содан кейін ғана науқастың жанына барған. Дәл сол кезде науқастың импульсі жоқ екендігі анықталған.




Сонымен қатар, Марадонаның адвокаты Матиас Морла дәрігерлер бұрынғы футболшыға 30 минуттан астам уақытта жетті деп мәлімдейді.

Алынған тергеу жазбаларына сәйкес, Марадонаға жедел жәрдемнің келу уақыты 11 минутты құраған. Twitter-дегі ресми аккаунтында Морла жедел жәрдемнің кешігуін «қылмыстық ақымақтық» деп атады.

Еске сала кетейік, 25 қарашада Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті. Ол Буэнос-Айрес маңында жерленді.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Спорт,
Жоғары қарай