Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Диего Марадонамен қоштасу: Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды

2020 жылдың 26 қараша 2020 20:06

БУЭНОС-АЙРЕС. TELAM – ҚазАқпарат – Футбол аңызына айналған Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telam-ға сілтеме жасап.

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы кеше 61 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды. Айта кету керек, бірнеше күн бұрын ол субдуралды гематома операциясын сәтті өткеріп, ауруханадан шығарылған еді.

Марадонамен қоштасу рәсімі Аргентина Президентінің ресми резиденциясында өтуде. Бұрынғы әйелі Клаудия Вильяфанье, қыздары Далма мен Джаннина және жақындары спортшымен қоштасты.

Буэнос-Айреста әлемдік футбол жұлдызының көптеген жанкүйерлері жиналды. Жалпы алғанда, Марадонамен қоштасуға миллионнан астам адам қатысады делінеді. Футболшыны жерлеу бүгін Буэнос-Айрестің сырт жағында өтеді.

Еске салсақ, қазақстандық «Ник Вуйчич» Әли Тұрғанбеков Диего Марадонамен кездескен сәтін еске алып, спортшы туралы естелігімен бөлісті.

2018 жылы оқушы Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездесіп, оның иығына шапан жапқан болатын.


Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай